Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына орай ақынның өшпес мол мұраларын насихаттау мақсатында зиялы қауым, ілиястанушылар, студент жастардың қатысуымен «Ілияс Жансүгіров және ұлттық рухани құндылықтар» тақырыбында кітап фестивалі өтті.
Фестиваль барысында «Ілияс – қазақ құлагері» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, Ілияс Жансүгіровтің әдеби мұражайынан ақынның қолданған заттарынан жылжымалы көрме қойылып, шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді.
Фестивальді Алаштанушы, «Qyr balasy» білім, ғылым қоғамдық қорының құрылтайшысы Ертай Біләл жүргізіп, арнайы ақын мұраларын зерттеп-зерделеп жүрген филология ғылымдарының докторы, профессор Мұратбек Имангазиновтың «Ұлттық құндылықтарының маңыздылығы», философия докторы, ілиястанушы, жазушы Елдос Тоқтарбайдың «Ілиястанудың кейбір мәселелері», ақын, жазушы, өлкета...
|